
❌ МИФ!
Орманға тасталған қоқыс өздігінен тез жоғалып кетпейді. Пластик, шыны және басқа да қалдықтар табиғатта ондаған жылдар бойы, кейде одан да ұзақ уақыт сақталуы мүмкін. Олар топырақ пен суға зиян келтіріп, қоршаған ортаны ластайды.
Орман — қоқыс тастайтын орын емес, баршамызға ортақ табиғи байлық!
Табиғат аясында демалғаннан кейін қоқысыңызды жинап, өзіңізбен бірге алып кетіңіз. Қоқысты арнайы белгіленген орындарға тастаңыз.
Табиғатты таза ұстау — әрқайсымыздың жауапкершілігіміз!









