Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерді беру тетігін электрондық конкурстар негізінде цифрлық форматқа көшіру жұмыстары жүргізілуде.

    Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерді беру тетігін электрондық конкурстар негізінде цифрлық форматқа көшіру жұмыстары жүргізілуде.

    Мемлекет басшысы Қазақстан Республикасының «Топырақты қорғау туралы» Заңына қол қойды. Бұл Заңның аясында топырақ құнарлығын сақтаудың басымдылығы бекітілді, жер пайдаланушылардың жерді ұтымды пайдалану және қорғау жөніндегі міндеттері кеңейтілді. Бүгінде Бірыңғай цифрлық жер ресурстары платформасын құру бойынша жұмыстар жалғасуда. Биыл 7 млн га аумақта топырақ зерттеу, 7,5 млн га аумақта геоботаникалық зерттеу, 4 млн гектар аумақта агрохимиялық зерттеу жұмыстары жүргізілді. Бұл жөнінде ҚР АШМ Жер ресурстарын басқару комитетінің төрағасы Мұрат Теміржанов ОКҚ баспасөз мәслихатында айтты.

    Бұдан бөлек, жалпы аумағы 53,5 млн га жердің жай-күйін бағалау бойынша цифрлық материалдар жасалды.

    «Жүргізілген жұмыстардың нәтижесінде қалпына келтіру шараларын жүргізуді қажет ететін шамамен 2,7 млн га тозған жерлер анықталды. Сонымен қатар ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерді беру рәсімдерінің ашықтығы мен тиімділігін арттыру бағыты бойынша жұмыстар жүргізілуде. Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау мақсатында Ауыл шаруашылығы министрлігі ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерді беру тетігін электрондық конкурстар негізінде цифрлық форматқа көшіру жұмыстарын жүргізуде», - М.Теміржанов.

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Ақтөбе облысының жер қатынастары басқармасы" жаңалықтары