Жер беру процесін барынша ашық ету үшін электрондық конкурстарды өткізу тәртібін реттейтін жаңа нормалар 2027 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енеді. Қазіргі уақытта Ауыл шаруашылығы министрінің 2018 жылғы 20 желтоқсандағы №518 бұйрығымен бекітілген Конкурсты ұйымдастыру және өткізу қағидаларына тиісті өзгерістер енгізілуде. Бұны жөнінде ҚР АШМ Жер ресурстарын басқару комитетінің төрағасы Мұрат Теміржанов ОКҚ баспасөз мәслихатында хабарлады.
Енгізілетін өзгерістердің тиімділігін алдын ала бағалау және цифрлық платформаның жұмысқа дайындығын тексеру мақсатында Ақмола және Жетісу облыстарында пилоттық жобаны іске асыру жоспарлануда.
«Пилоттық жоба техникалық тестілеу форматында өткізіліп, жаңа жүйенің функционалдық мүмкіндіктерін толық пысықтауға және заң нормалары күшіне енгенге дейін оның жұмысқа дайындығына көз жеткізуге мүмкіндік береді. Аталған пилоттық жобаны іске асыру Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі мен Бас прокуратурасының қолдауымен жүзеге асырылатын болады», - деді спикер.
Сонымен қатар ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерді жеке меншікке беруге қатысты мораторийдің 2026 жылы аяқталуына байланысты, оны 2031 жылдың соңына дейін ұзартуды көздейтін түзетулер әзірленді.
Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерді жеке меншікке беру процесі ашық жүргізіледі.
Ұқсас материалдар

АРДАҒЫ АРДАҚТЫ АРДАГЕР, ҚАЛАМГЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛДІ
Ордабасы ауданы әкімінің аппаратыАшу
ҚАРТТАР КҮНІ: АҒА БУЫНҒА ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛДІ
Ордабасы ауданы әкімінің аппаратыАшу
2026 жылғы 1 қазанда Жаңа жұлдыз ауылының мәдениет үйінің ғимаратында округ активінің кеңесі өтті, онда Железин аудандық аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы А.Т. Сәденов сайланған әкім Рахат Сабырұлы Жолдыбаевқа куәлік табыс етті.
Железин ауданының әкімдігіАшу
Алматыда музейінде Олжас Сүлейменовтің 90 жылдығына арналған көрме ашылды
Алматы қаласының мәдениет басқармасыАшу
«Алатау» театры XI маусымда ұлттық өнерді жаңа сахналық формалармен ұсынды
Алматы қаласының мәдениет басқармасыАшу
"Ақтөбе облысының жер қатынастары басқармасы" жаңалықтары

Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерді беру тетігін электрондық конкурстар негізінде цифрлық форматқа көшіру жұмыстары жүргізілуде.
Ақтөбе облысының жер қатынастары басқармасыАшу
Ауыл шаруашылығы жерлерін қайтару: 2026 жылғы жоспар артығымен орындалды
Ақтөбе облысының жер қатынастары басқармасыАшу
Алға ауданында 22 мың тоннадан астам астық жиналды
Ақтөбе облысының жер қатынастары басқармасыАшу
Бірлескен отырыс өтті
Ақтөбе облысының жер қатынастары басқармасыАшу
Заң мен тәртіп: Ақтөбе облысында қоғамдық қауіпсіздік пен құқықбұзушылықтың алдын алу шаралары талқыланды
Ақтөбе облысының жер қатынастары басқармасыАшу