https://www.instagram.com/reel/Ddp_ogARRj_/?stkn=MXVuZnQ3c2QxZTRkcw==
Аудандық мәдениет үйінде Қазақстан Жазушылар одағы мен Қазақстан Журналистер одағының мүшесі, ақын Д.Тілеуханмен «Өлең білер сырымды» атты кездесу кеші өтті.
Әдебиет пен өнер тоғысқан тағылымды кеш барысында ақынның «Нәзік түндегі ноктюрн» атты кітабының тұсауы кесілді.
Кешке ақынның ұстаздары, ақын Г.Әбішқызы, Г.Қалдина арнайы қатысып, ақынға ізгі тілектерін білдірді. Сонымен қатар өнердегі достары И.Аманжол, А.Маруаұлы, А.Абуов арнайы келіп, шығармашылық лебіздерін жеткізді.
Кештің ерекше қонағы – Д.Тілеуханның сөзіне жазылған, жастар арасында кеңінен танымал «Антиномия» әнінің алғашқы орындаушысы, жас әнші Б.Балмұхан болды.
Кездесу барысында ақынның шығармашылық жолы, балалық шағы, ұстаздары мен өлеңдерінің жазылу тарихы жайлы сырлы әңгіме өрбіді. Ақынның жырлары оқылып, сөзіне жазылған әндер орындалды.
Кеш барысында аудан әкімінің орынбасары К.Байдрахманов құттықтау сөз сөйлеп, арнайы келген қонақтарға сый-сияпат табыстады.
Ал аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы А.Ермағанбет ақынға ақ батасын беріп, шығармашылық жолына сәттілік тіледі.
«Өлең білер сырымды» атты кездесу кеші – әдебиетке деген құрметті арттырып, ақын мен оқырманды жақындастырған, өнер мен руханиятты тоғыстырған мазмұнды кеш болды.