
Жоғары Солтүстік Қазақстан кәсіптік-педагогикалық колледжінде «Келісім аумағы» атты челлендж-акция өтті. Солтүстік Қазақстан облысының прокуратурасы мен «Қоғамдық келісім» КММ ұйымдастырған іс-шара колледж студенттерін, құқық қорғау органдары мен этномәдени бірлестіктердің өкілдерін жинады.
Акция-челлендж барысында қатысушылар нашақорлықтың әлеуметтік проблемасына, діни сауаттылыққа, сондай-ақ этносаралық келісімге апаратын жолдарға қатысты маңызды тақырыптар бойынша мамандардан қызықты әрі өзекті ақпарат алды.
Директордың тәрбие жұмысы бойынша орынбасары Ольга Морева өз сөзінде «Заң және тәртіп» тұжырымдамасының маңыздылығына және үйлесімді қоғам құрудағы жастардың рөліне назар аударды.
Петропавл қаласының аға прокуроры Асхат Жұмабеков жас ұрпақтың қауіпсіздігі мен әл-ауқатын қамтамасыз етудегі алдын алу шаралары мен әлеуметтік жауапкершіліктің маңыздылығын баса айтып, қылмыстың жастарға кері әсерін көрсететін жанды мысалдар келтірді.
СҚО дін істері басқармасы Конфессияаралық қатынастарды талдау және дамыту орталығының теологы Елизавета Березина «Діни сауаттылық және этносаралық келісім: бейбіт қоғамға апарар жол» тақырыбын ашып, үйлесімді және бейбіт қоғам құрудың негізі ретінде әртүрлі табынушылар арасындағы өзара түсіністік пен сыйластықтың маңызын атады.
Сондай-ақ, «Қоғамдық келісім» КММ басшысының орынбасары Болат Базарбаев түрлі этностық және мәдени топтар арасындағы диалогтың маңыздылығын сөз етті.
Нашақорлық мәселелеріне және «араздық тілінің» алдын алуға ерекше мән берілді, ол жайында Зарина Попова мен Тамара Родная айтты. Спикерлер құрмет пен түсіністік негізінде қарым-қатынас орнатудың қаншалықты маңызды екеніне тоқталды.
Мұндай челлендждер жақсы дәстүрге айналуда және бізге алалаушылық пен жанжалдарсыз қоғам құруға көмектеседі. Барлық қатысушыларға келісім мен бейбіт қатар өмір сүру идеясына белсенді қатысып, қолдағаны үшін алғыс айтамыз!
#заңментәртіп
#законипорядок









