Абай облысының делегациясы «Ертіс – достық өзені, даму өзені» атты екінші халықаралық форумға қатысуда

    ·Жаңалықтар мұрағаты

    Абай облысының әкімі Берік Уәли бастаған 50-ден астам адамнан тұратын облыс делегациясы Павлодар қаласында өтіп жатқан «Ертіс – достық өзені, даму өзені» атты екінші халықаралық форумға қатысуда.

    Форумға Ресей Федерациясының Омбы және Түмен облыстарының басшылары, сондай-ақ Абай, Шығыс Қазақстан және Павлодар облыстарының әкімдері бастаған делегациялар қатысуда.

    📇Халықаралық форум барысында Ертіс өзенінің көлік-логистикалық әлеуетін тиімді пайдалану, өңіраралық сауда-экономикалық байланыстарды кеңейту, өнеркәсіптік кооперацияны дамыту және бірлескен инвестициялық жобаларды іске асыру мәселелері талқылануда.

    Форумның пленарлық отырысында өңір басшысы облыстың өнеркәсіптік және туристік әлеуетін жан-жақты таныстырды.

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "" жаңалықтары