2026 жылдың қаңтар-маусым айларында негізгі капиталға тартылған инвестициялар көлемі 8 815,0 млн. теңге, нақты көлем индексі өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 116,4 % құрады.
Ағымдағы жылдың қаңтар- маусым айларында барлық арналар арқылы 2 988,09 млн. теңгенің тауарлары саудаланған, тауар айналымының нақты көлем индексі 102,9 % құрады.
Есепті кезең аралығында 523,5 млн. теңгенің тұтастай өнеркәсіп өнімдері өндірілді. Өңдеу өнеркәсібінде өндірілген өнім 166,0 млн.теңгені құрады, оның ішінде 134,6 млн. теңгенің тамақ өнімдері өндірілген.
2026 жылдың қаңтар- маусым айларында өндірілген ауыл шаруашылығы жалпы өнімінің көлемі 4 800,0 млн теңгені құрады,нақты көлем индексі өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 103,5 % .
Есепті мерзім аралығында 1 141 шаршы метр тұрғын үй қолданысқа берілді, өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 102,5 %.
Ауданда қаңтар- маусым айлары аралығында 1 347,5 млн. теңгенің құрылыс жұмыстары жүргізілді, бұл өткен жылдың салыстырмалы кезеңінде атқарылған құрылыс жұмыстарының 103,9 % құрайды.
2026 жылдың 1- шілдесіне белсенді шағын және орта кәсіпкерлерлік субъектілерінің саны 1 103 бірлікті құрады, оның ішінде заңды тұлғалар саны 114 бірлік, жеке кәсіпкерлер - 344, шаруа қожалықтарының саны 645 бірлікті құраған.







