
Ағымдағы жылдың 25 қыркүйегінде Аршалы аудандық мәслихатының төрағасы Ә. Балташевтың төрағалығымен Аршалы аудандық мәслихатының 58 кезекті сессиясының отырысы өтті.
Сессия барысында Аршалы ауданы әкімінің міндетін атқарушы Қ.Қанафиннің өзіне жүктелген функциялар мен міндеттердің орындалуы, сондай-ақ ауданның одан әрі даму перспективалары туралы есебі тыңдалды.
Сондай-ақ, «Аршалы ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» ММ басшысының міндетін атқарушы Е. Дакардың қатысуымен 2026-2027 жылдардағы қысқы кезеңде ауданның коммуналдық шаруашылығын және автомобиль жолдарын жұмысқа дайындау мәселесі қаралды.
Сонымен қатар, Аршалы аудандық мәслихатының 2023 жылғы 20 желтоқсандағы № 10/3 «Аршалы ауданында әлеуметтік көмек көрсету, оның мөлшерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау қағидаларын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы мәселесімен Аршалы ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы Л. Асанованың ақпараты, сондай-ақ басқа сұрақтар бойынша қарастырылды.
Қаралған барлық мәселелер бойынша тиісті шешімдер қабылданды.









