Мәслихат (жергілікті өкілді орган) - облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың немесе ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) халқы сайлайтын, халықтың еркін білдіретін және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес оны іске асыру үшін қажетті шараларды айқындайтын және олардың жүзеге асырылуын бақылайтын сайланбалы орган.
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабына сәйкес, 2026 жылғы 07 қазанда сағат 11.00-де сегізінші шақырылған Аршалы аудандық мәслихатының LХ кезектен тыс сессиясы өтеді. Сессияның қарауына келесі мәселе енгізіледі: 1) Аршалы аудандық мәслихатының 2025 жылғы 24 желтоқсандағы № 46/2 «2026-2028 жылдарға арналған Аршалы ауданының кенттерінің, ауылдық округтерінің бюджеттері туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы.
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабына сәйкес, 2026 жылғы 24 қыркүйекті сағат 11.00-де сегізінші шақырылған Аршалы аудандық мәслихатының LVІІI кезектен тыс сессиясы өтеді. Сессияның қарауына келесі мәселелер енгізіледі: 1) Аршалы аудандық мәслихатының 2025 жылғы 19 желтоқсандағы № 45/2 «2026-2028 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы; 2) Аршалы аудандық мәслихатының 2023 жылғы 20 желтоқсандағы № 10/3 «Аршалы ауданында әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер және толықтырулар енгізу туралы; 3) Аршалы аудандық мәслихатының 2025 жылғы 21 қарашадағы № 43/3 «Аршалы ауданы әкімдігінің жанындағы кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссияның құрамын бекіту туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы.
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабына сәйкес, 2026 жылғы 18 қыркүйекті сағат 11.00-де аудандық әкімдіктің мәжіліс залында сегізінші шақырылған Аршалы аудандық мәслихатының 57 кезекті сессиясы шақырылатынын хабарлаймыз. Сессияның қарауына келесі сұрақтар енгізіледі: 1) Аршалы ауданы әкімінің өзіне жүктелген функциялардың, міндеттердің орындалуы және ауданның одан әрі даму перспективалары туралы есебі туралы; 2) 2026-2027 жылдардағы қысқы кезеңде ауданның коммуналдық шаруашылығын жылу жүйелері мен жолдардың жұмысына дайындау барысы туралы; 3) Аршалы аудандық мәслихатының кезекті сессиясының негізгі мәселелері туралы. Аудандық мәслихат сессиясының онлайн-трансляциясы Facebook парақшасында (Аршалы аудандық мәслихаты) өткізіледі.
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабына сәйкес, 2026 жылғы 14 қыркүйекті сағат 16.00-де сегізінші шақырылған Аршалы аудандық мәслихатының LVII кезектен тыс сессиясы өтеді. Сессияның қарауына келесі мәселе енгізіледі: «Аршалы аудандық мәслихаты» мемлекеттік мекемесі туралы Ережені бекіту туралы.
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабына сәйкес, 2026 жылғы 27 тамызды сағат 11.00-де аудандық әкімдіктің мәжіліс залында сегізінші шақырылған Аршалы аудандық мәслихатының 56 кезекті сессиясы шақырылатынын хабарлаймыз. Сессияның қарауына келесі сұрақтар енгізіледі: 1) Аршалы ауданы әкімінің өзіне жүктелген функциялардың, міндеттердің орындалуы және ауданның одан әрі даму перспективалары туралы есебі туралы; 2) 2026-2027 жылдардағы қысқы кезеңде ауданның коммуналдық шаруашылығын жылу жүйелері мен жолдардың жұмысына дайындау барысы туралы; 3) Аршалы аудандық мәслихатының 2024 жылғы 24 маусымдағы №20/4 «Аршалы ауданында тұрғын үй көмегін көрсету мөлшерін және тәртібін айқындау туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы; 4) Аршалы ауданында шетелдіктер үшін 2026 жылға арналған туристік жарнаның мөлшерлемелерін бекіту туралы; 5) Аршалы аудандық мәслихатының 2023 жылғы 26 желтоқсандағы № 12/3 «Аршалы ауданының учаскелік сайлау комиссияларының мүшелерін сайлау туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы; 6) Аршалы аудандық мәслихатының кезекті сессиясының негізгі мәселелері туралы. Аудандық мәслихат сессиясының онлайн-трансляциясы Facebook парақшасында (Аршалы аудандық мәслихаты) өткізіледі.
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабына сәйкес, 2026 жылғы 28 тамызды сағат 10.00-де сегізінші шақырылған Аршалы аудандық мәслихатының 56 кезектен тыс сессиясы шақырылатынын хабарлаймыз. Сессияның қарауына келесі сұрақтар енгізіледі: 1) Аршалы аудандық мәслихатының 2025 жылғы 24 желтоқсандағы № 46/2 «2026-2028 жылдарға арналған Аршалы ауданының кенттерінің, ауылдық округтерінің бюджеттері туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы; 2) Аршалы аудандық мәслихатының 2024 жылғы 24 маусымдағы №20/4 «Аршалы ауданында тұрғын үй көмегін көрсету мөлшерін және тәртібін айқындау туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы; 3) Аршалы ауданында шетелдіктер үшін 2026 жылға арналған туристік жарнаның мөлшерлемелерін бекіту туралы; 4) Аршалы аудандық мәслихатының 2023 жылғы 26 желтоқсандағы № 12/3 «Аршалы ауданының учаскелік сайлау комиссияларының мүшелерін сайлау туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы.
Аршалы ауданы әкімдігінің жанындағы терроризмге қарсы комиссияның дербес құрамын бекіту туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының Заңына, Аршалы ауданы әкімдігінің 2026 жылғы 05 қазандағы № А-10/220 «Аршалы ауданы әкімдігінің жанындағы терроризмге қарсы комиссияны құру туралы» қаулысына сәйкес, Аршалы аудандық мәслихаты ШЕШТІ: Аршалы ауданы әкімдігінің жанындағы терроризмге қарсы комиссияның дербес құрамы қосымшаға сәйкес бекітілсін. Аршалы аудандық мәслихатының 2023 жылғы 24 тамыздағы № 5/4 «Аршалы ауданы әкімдігінің жанындағы терроризмге қарсы комиссияның дербес құрамын бекіту туралы» шешімінің күші жойылды деп танылсын. Осы шешім қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді және қолданысқа енгізіледі. Аудандық мәслихатының төрағасы Ә. Балташев Қосымша
Жарияланды:
Шешім
«Аршалы ауданының Құрметті азаматы» атағын беру туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабына, Ақмола облыстық мәслихатының 2026 жылғы 04 қыркүйектегі № 8С-32-6 «Ақмола облысының (қаланың, ауданның) құрметті азаматы» атағын беру қағидаларын бекіту туралы» шешіміне, Аршалы ауданы әкімінің міндетін атқарушының ұсынымына сәйкес, Аршалы аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ: «Аршалы ауданының Құрметті азаматы» атағын беру: Олейник Нина Федоровнаға – кәсіпкерлікті дамытуға, қоғамдық және ардагерлік жұмыстарға үлес қосқан; Коростелева Таисия Максимовнаға - балалар мен жасөспірімдер шығармашылық орталығы жанындағы тарихи-өлкетану мұражайының негізін қалаушы; Шулембаева Шолпан Туткушевнаға- еңбек ардагері; Иманжусуп Раушан Нурхановнаға - Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің профессоры, философия ғылымдарының докторы; Илиупова Шамшия Жакуповнаға – еңбек ардагері. Осы шешім қол қойылған күнінен бастап өз күшіне енеді. Аудандық мәслихатының төрағасы Ә. Балташев
Жарияланды:
Шешім
Аршалы аудандық мәслихатының 2025 жылғы 24 желтоқсандағы № 46/2 «2026-2028 жылдарға арналған Аршалы ауданының кенттерінің, ауылдық округтерінің бюджеттері туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы
Аршалы аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ: 1...Аршалы аудандық мәслихатының 2025 жылғы 24 желтоқсандағы №.46/2 «2026-2028 жылдарға арналған Аршалы ауданының кенттерінің, ауылдық округтерінің бюджеттері туралы» шешіміне мынадай өзгерістер енгізілсін: 1 тармақ жаңа редакцияда жазылсын: «1. 2026-2028 жылдарға арналған Аршалы кентінің бюджеті тиісінше 1, 2, 3 қосымшаларға сәйкес, соның ішінде 2026 жылға арналған келесі көлемдерде бекітілсін: 1) кірістер – 298 315,0 мың теңге, соның ішінде: салықтық түсімдер – 297 603,4 мың теңге; салықтық емес түсімдер – 260,0 мың теңге; негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер – 451,6 мың теңге; шығындар – 354 975,0 мың теңге; 3) таза бюджеттік кредиттеу – 0 мың теңге, оның ішінде: бюджеттік кредиттер – 0 мың теңге; 4)..қаржылық активтермен жасалатын операциялар бойынша сальдо – 0 мың теңге, оның ішінде: қаржылық активтерді сатып алу – 0 мың теңге; 5) бюджет тапшылығы (профициті) – -56 660,0 мың теңге; 6) бюджеттің мұнайға қатысты емес тапшылығы (профициті) – -56 660,0 мың теңге; 7) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) – 56 660,0 мың теңге.»; 2 тармақ жаңа редакцияда жазылсын: «2...2026-2028 жылдарға арналған Ижевск ауылдық округінің бюджеті тиісінше 4, 5, 6 қосымшаларға сәйкес, соның ішінде 2026 жылға арналған келесі көлемдерде бекітілсін: 1) кірістер – 75 258,0 мың теңге, соның ішінде: салықтық түсімдер – 28 126,0 мың теңге; негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер – 500,0 мың теңге; трансферттер түсімдері – 46 632,0 мың теңге; 2) шығындар – 75 263,0 мың теңге; 3) таза бюджеттік кредиттеу – 0 мың теңге, оның ішінде: бюджеттік кредиттер – 0 мың теңге; 4)..қаржылық активтермен жасалатын операциялар бойынша сальдо – 0 мың теңге, оның ішінде: қаржылық активтерді сатып алу – 0 мың теңге; 5) бюджет тапшылығы (профициті) – -5,0 мың теңге; 6) бюджеттің мұнайға қатысты емес тапшылығы (профициті) – -5,0 мың теңге; 7) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) – 5,0 мың теңге.»; 3 тармақ жаңа редакцияда жазылсын: «3...2026-2028 жылдарға арналған Жібек жолы ауылдық округінің бюджеті тиісінше 7, 8, 9 қосымшаларға сәйкес, соның ішінде 2026 жылға арналған келесі көлемдерде бекітілсін: 1) кірістер – 71 375,0 мың теңге, соның ішінде: салықтық түсімдер – 37 587,0 мың теңге; негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер – 7 183,0 мың теңге; трансферттер түсімдері – 26 605,0 мың теңге; 2) шығындар – 116 470,0 мың теңге; 3) таза бюджеттік кредиттеу – 0 мың теңге, оның ішінде: бюджеттік кредиттер – 0 мың теңге; 4)..қаржылық активтермен жасалатын операциялар бойынша сальдо – 0 мың теңге, оның ішінде: қаржылық активтерді сатып алу – 0 мың теңге; 5) бюджет тапшылығы (профициті) – -45 095,0 мың теңге; 6) бюджеттің мұнайға қатысты емес тапшылығы (профициті) – -45 095,0 мың теңге; 7) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) – 45 095,0 мың теңге.»; 8 тармақ жаңа редакцияда жазылсын: «8...2026-2028 жылдарға арналған Михайлов ауылдық округінің бюджеті тиісінше 22, 23, 24 қосымшаларға сәйкес, соның ішінде 2026 жылға арналған келесі көлемдерде бекітілсін: 1) кірістер – 49 361,5 мың теңге, соның ішінде: салықтық түсімдер – 11 670,5 мың теңге; трансферттер түсімдері – 37 691,0 мың теңге; 2) шығындар – 55 261,5 мың теңге; 3) таза бюджеттік кредиттеу – 0 мың теңге, оның ішінде: бюджеттік кредиттер – 0 мың теңге; 4)..қаржылық активтермен жасалатын операциялар бойынша сальдо – 0 мың теңге, оның ішінде: қаржылық активтерді сатып алу – 0 мың теңге; 5) бюджет тапшылығы (профициті) – -5 900,0 мың теңге; 6)..бюджеттің мұнайға қатысты емес тапшылығы (профициті) – -5 900,0 мың теңге; 7)..бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) – 5 900,0 мың теңге.»; 9 тармақ жаңа редакцияда жазылсын: «9...2026-2028 жылдарға арналған Елтоқ ауылдық округінің бюджеті тиісінше 25, 26, 27 қосымшаларға сәйкес, соның ішінде 2026 жылға арналған келесі көлемдерде бекітілсін: 1) кірістер – 107 110,0 мың теңге, соның ішінде: салықтық түсімдер – 107 110,0 мың теңге; 2) шығындар – 113 514,0 мың теңге; 3) таза бюджеттік кредиттеу – 0 мың теңге, оның ішінде: бюджеттік кредиттер – 0 мың теңге; 4)..қаржылық активтермен жасалатын операциялар бойынша сальдо – 0 мың теңге, оның ішінде: қаржылық активтерді сатып алу – 0 мың теңге; 5) бюджет тапшылығы (профициті) – -6 404,0 мың теңге; 6)..бюджеттің мұнайға қатысты емес тапшылығы (профициті) – -6 404,0 мың теңге; 7)..бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) – 6 404,0 мың теңге.»; 10 тармақ жаңа редакцияда жазылсын: «10...2026-2028 жылдарға арналған Арнасай ауылдық округінің бюджеті тиісінше 28, 29, 30 қосымшаларға сәйкес, соның ішінде 2026 жылға арналған келесі көлемдерде бекітілсін: 1) кірістер – 72 077,0 мың теңге, соның ішінде: салықтық түсімдер – 16 353,0 мың теңге; негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер – 28 500,0 мың теңге; трансферттер түсімдері – 27 224,0 мың теңге; 2) шығындар – 76 419,0 мың теңге; 3) таза бюджеттік кредиттеу – 0 мың теңге, оның ішінде: бюджеттік кредиттер – 0 мың теңге; 4)..қаржылық активтермен жасалатын операциялар бойынша сальдо – 0 мың теңге, оның ішінде: қаржылық активтерді сатып алу – 0 мың теңге; 5) бюджет тапшылығы (профициті) – -4 342,0 мың теңге; 6)..бюджеттің мұнайға қатысты емес тапшылығы (профициті) – -4 342,0 мың теңге; 7)..бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) – 4 342,0 мың теңге.»; 11 тармақ жаңа редакцияда жазылсын: «11...2026-2028 жылдарға арналған Сараба ауылдық округінің бюджеті тиісінше 31, 32, 33 қосымшаларға сәйкес, соның ішінде 2026 жылға арналған келесі көлемдерде бекітілсін: 1) кірістер – 50 083,4 мың теңге, соның ішінде: салықтық түсімдер – 7 141,4 мың теңге; трансферттер түсімдері – 42 942,0 мың теңге; 2) шығындар – 52 264,0 мың теңге; 3) таза бюджеттік кредиттеу – 0 мың теңге, оның ішінде: бюджеттік кредиттер – 0 мың теңге; 4)..қаржылық активтермен жасалатын операциялар бойынша сальдо – 0 мың теңге, оның ішінде: қаржылық активтерді сатып алу – 0 мың теңге; 5) бюджет тапшылығы (профициті) – -2 180,6 мың теңге; 6)..бюджеттің мұнайға қатысты емес тапшылығы (профициті) – -2 180,6 мың теңге; 7)..бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) – 2 180,6 мың теңге.»; 13 тармақ жаңа редакцияда жазылсын: «13...2026-2028 жылдарға арналған Ақбұлақ ауылдық округінің бюджеті тиісінше 37, 38, 39 қосымшаларға сәйкес, соның ішінде 2026 жылға арналған келесі көлемдерде бекітілсін: 1) кірістер – 48 974,0 мың теңге, соның ішінде: салықтық түсімдер – 8 933,0 мың теңге; трансферттер түсімдері – 40 041,0 мың теңге; 2) шығындар – 50 182,0 мың теңге; 3) таза бюджеттік кредиттеу – 0 мың теңге, оның ішінде: бюджеттік кредиттер – 0 мың теңге; 4)..қаржылық активтермен жасалатын операциялар бойынша сальдо – 0 мың теңге, оның ішінде: қаржылық активтерді сатып алу – 0 мың теңге; 5) бюджет тапшылығы (профициті) – -1 208,0 мың теңге; 6)..бюджеттің мұнайға қатысты емес тапшылығы (профициті) – -1 208,0 мың теңге; 7)..бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) – 1 208,0 мың теңге.»; 14 тармақ жаңа редакцияда жазылсын: «14. 2026-2028 жылдарға арналған Жібек жолы кентінің бюджеті тиісінше 40, 41, 42 қосымшаларға сәйкес, соның ішінде 2026 жылға арналған келесі көлемдерде бекітілсін: 1) кірістер – 387 691,0 мың теңге, соның ішінде: салықтық түсімдер – 305 041,0 мың теңге; негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер – 82 650,0 мың теңге; 2) шығындар – 387 691,0 мың теңге; 3) таза бюджеттік кредиттеу – 0 мың теңге, оның ішінде: бюджеттік кредиттер – 0 мың теңге; 4)..қаржылық активтермен жасалатын операциялар бойынша сальдо – 0 мың теңге, оның ішінде: қаржылық активтерді сатып алу – 0 мың теңге; 5) бюджет тапшылығы (профициті) – 0 мың теңге; 6) бюджеттің мұнайға қатысты емес тапшылығы (профициті) – 0 мың теңге; 7)..бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) – 0 мың теңге.»; көрсетілген шешімнің 1, 2, 3, 4, 5, 6, 7, 8, 9-қосымшалары осы шешімге 1, 4, 7, 22, 25, 28, 31, 37, 40-қосымшаларға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын. Осы шешім 2026 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі. Аудандық мәслихатының төрағасы Ә. Балташев Қосымшалар
Жарияланды:
Шешім
Сегізінші шақырылған Аршалы аудандық мәслихатының LХ кезектен тыс сессиясының күн тәртібін бекіту туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін – өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабына сәйкес, Аршалы аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ: Сегізінші шақырылған Аршалы аудандық мәслихатының кезектен тыс LVI сессиясының күн тәртібі бекітілсін, оған мынадай мәселелер кіреді: 1) Аршалы аудандық мәслихатының 2025 жылғы 24 желтоқсандағы № 46/2 «2026-2028 жылдарға арналған Аршалы ауданының кенттерінің, ауылдық округтерінің бюджеттері туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы; 2) «Аршалы ауданының Құрметті азаматы» атағын беру туралы; 3) Аршалы ауданы әкімдігінің жанындағы терроризмге қарсы комиссияның дербес құрамын бекіту туралы. Осы шешім қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі. Аудандық мәслихатының төрағасы Ә. Балташев
Жарияланды:
Шешім
Аршалы ауданының әкімі лауазымына тағайындауға келісім беру туралы
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңына және Ақмола облысы әкімінің 2026 жылғы 05 қазандағы № 01-11/2 ұсынысына сәйкес, Аршалы аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ: Аршалы ауданының әкімі лауазымына Ахмедьянов Асхат Мұратбекұлын тағайындауға келісім берілсін. Дауыс беріп қолдағандар – 8. Қалыс қалғандар – 0. Аудандық мәслихатының төрағасы Ә. Балташев
Жарияланды:
Шешім
Сегізінші шақырылған Аршалы аудандық мәслихатының LIX кезектен тыс сессиясының күн тәртібін бекіту туралы
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 8 бабына сәйкес, Аршалы аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ: Сегізінші шақырылған Аршалы аудандық мәслихатының LIX кезектен тыс сессиясының күн тәртібі келесі мәселені қамтитын бекітілсін: 1) Аршалы ауданының әкімі лауазымына тағайындауға келісім беру туралы. Осы шешім қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі. Аудандық мәслихатының төрағасы Ә. Балташев