Азия ойындарының қола жүлдегері Нұрқанат Әжіқанов Ақтөбеге жетті

    Азия ойындарының қола жүлдегері Нұрқанат Әжіқанов Ақтөбеге жетті

    Әлия Молдағұлова атындағы Ақтөбе халықаралық әуежайында XX жазғы Азия ойындарының қола жүлдегері, каратэші Нұрқанат Әжіқановты салтанатты түрде күтіп алды.

    Жапонияның Аичи–Нагоя қалаларында өткен Азия ойындарында жерлесіміз каратэ WKF бойынша 75 келіге дейінгі салмақта сынға түсіп, қола медаль иеленді.

    Үшінші орын үшін өткен кездесуде ол Филиппин өкілі А. Батиканды 10:1 есебімен жеңді.

    Ақтөбе әуежайында спортшыны спорт қауымдастығының өкілдері, туған-туыстары мен жанкүйерлері қарсы алып, жүлделі нәтижесімен құттықтады.

    Нұрқанат Әжіқанов — Алға қаласының тумасы, Қазақстан Республикасының халықаралық дәрежедегі спорт шебері және ұлттық құрама мүшесі.

    Спортшының жаттықтырушысы — Ерік Айтмағамбетов.

    Нұрқанат Әжіқанов пен жаттықтырушысы Ерік Айтмағамбетовті Азия ойындарының қола жүлдесімен құттықтаймыз!

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Ақтөбе облысының әкімдігі" жаңалықтары