Астанада өтетін жәрмеңкеде үш облыстың фермерлері 400 тоннадан астам өнім ұсынады

    Астанада өтетін жәрмеңкеде үш облыстың фермерлері 400 тоннадан астам өнім ұсынады

    Астанада 26-27 қыркүйек күндері Маңғыстау, Алматы және Абай облыстарының тауар өндірушілері қатысатын кезекті ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтеді.

    Тұрғындарға фермерлерден тікелей жеткізілетін ет, балық, сүт және азық-түлік өнімдерінің түр-түрі ұсынылады. Бұл азық-түліктің қолжетімділігін арттырып қана қоймай, отандық өндірушілерді қолдауға мүмкіндік береді.

    Атап айтқанда, үш өңірдің ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілері Астанаға 400 тоннадан астам өнім әкеледі. Оның ішінде 170 тонна көкөніс пен жеміс-жидек, 100 тонна ет және ет өнімдері, 40 тонна бал, 25 тонна сүт өнімдері, 17 тонна бақша өнімі, 10 тонна балық және 40 тоннадан астам басқа да азық-түлік бар.

    Жәрмеңке «Қазанат» ипподромының автотұрағында, Қарқаралы тасжолы, 1 мекенжайында өтеді.

    Сондай-ақ жәрмеңке кезінде елорда тұрғындары мен қонақтарына ыңғайлы болу үшін аталған орынға №18, 37 және 303 автобус бағыттары қатынайды.

    Жәрмеңке сағат 09:00-ден 18:00-ге дейін жұмыс істейді.

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Астана қаласының Инвестициялар және кәсіпкерлікті дамыту басқармасы" жаңалықтары