
Ғабит Мүсірепов ауданының оқушылары облыстық «Әскери істің негіздерін қаншалықты білесің?» атты патриоттық викторинада топ жарып, жалпыкомандалық І ОРЫНДЫ иеленді! 2026 жылғы 24 қыркүйек, Петропавл қаласы
Облыстық кезеңде ауданымыздың намысын абыроймен қорғаған жеңімпаздарымыз:
🥇 Әділхан Расул — «Новоишим қазақ жалпы білім беретін мектебі» КММ
🥇 Қожахметов Әлібек — «Калиновка орта мектебі» КММ
🥇 Кожухова Дарья — «Рузаевка орта мектебі» КММ
🥇 Когтева Таисия — «Рузаевка орта мектебі» КММ
🥇 Шейхислямова Амина — «№1 Новоишим орта мектебі» КММ
Жалпыкомандалық нәтиже — І ОРЫН!
Бұл — оқушыларымыздың білімділігі мен ұйымшылдығының, патриоттық рухы мен табандылығының жемісі!
Жас патриоттарымызды және олардың жетекшілерін, ата-аналарын, мектеп ұжымдарын жарқын жеңістерімен шын жүректен құттықтаймыз!
🇰🇿 Ел ертеңі — білімді, намысты, отансүйгіш ұрпақ!








