Қонаев қаласының мәслихаты жұмыс жасауда

    Қонаев қаласының мәслихаты жұмыс жасауда
    Бүгін, 25 қыркүйекте, депутат А.Ракишеваның төрағалығымен Қонаев қаласы мәслихатының тұрақты комиссияларының бірлескен отырысы және кезектен тыс LХХІ сессиясы өтті.
    Тұрақты комиссиялардың бірлескен отырысында қаланың әлеуметтік-экономикалық және коммуналдық салаларына қатысты бірқатар өзекті мәселелер қаралды.
    Атап айтқанда, коммуналдық және әлеуметтік нысандардың жылыту маусымына дайындығы, қоғамдық көлікті дамыту, маршруттар мен тарифтер, жылжымалы құрамды жаңарту, шағын және орта бизнесті дамыту және кәсіпкерлік ахуалды жақсарту мәселелері талқыланды.
    Сонымен қатар, қаладағы медициналық қызметтердің ұйымдастырылуы және алғашқы медициналық-санитарлық көмектің қолжетімділігі туралы ақпарат тыңдалды.
    Отырыста көтерілген мәселелер бойынша тиісті пікірлер мен ұсыныстар айтылып, депутаттар тарапынан сұрақтар қойылды.
    Бірлескен отырыстан кейін Қонаев қаласы мәслихатының кезектен тыс LХХІ сессиясы өтіп, күн тәртібіне енгізілген екі мәселе қаралды: қалалық бюджет комиссиясының құрамына өзгерістер енгізу және мәслихаттың кейбір шешімдерінің күшін жою туралы.
    Қаралған мәселелер бойынша тиісті шешімдер қабылданды.
    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Қонаев қаласы мәслихатының аппараты" жаңалықтары