СҚО СЭБД-де «Кітап оқитын ұлт» республикалық марафоны аясында кездесу өтті

    СҚО СЭБД-де «Кітап оқитын ұлт» республикалық марафоны аясында кездесу өтті
    2026 жылғы 24 қыркүйекте СҚО санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінде Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен қолға алынған «Кітап оқитын ұлт» республикалық оқу марафоны аясында Сабит Мұқанов атындағы Солтүстік Қазақстан облыстық әмбебап ғылыми кітапханасының кітапханалық процестерді автоматтандыру бөлімінің басшысы А.Ж. Садыковамен кездесу өтті.
    ⚡️ Іс-шара Департамент басшысының орынбасары С.М. Барменбаевтың төрағалығымен өтті.
    ⚡️ Кездесу барысында Анжела Садыкова мемлекеттік қызметшілерді марафонға қатысу шарттарымен, оның негізгі кезеңдерімен және өту тәртібімен таныстырды. Сондай-ақ марафон аясында оқуға ұсынылған кітаптарды қайдан алуға болатыны туралы айтып өтті.
    ⚡️ Кездесуге қатысушылар өздерін қызықтырған сұрақтарға жауап алды.
    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Солтүстік Қазақстан облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті" жаңалықтары