
Өздеріңізге мәлім болғандай, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен бүгін, яғни қыркүйек айының соңғы бейсенбісінде жыл сайын бүкіл республика бойынша бизнес-қауымдастық алдында бірыңғай есеп беру күні 24 қыркүйегінде Тараз қаласының М.Х. Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінде өткізілді.
📌Бүгінгі іс-шараны өткізудің мақсаты – кәсіпкерлік субъектілерінің құқықтық сауаттылығын арттыру, мемлекеттің бақылау-қадағалау қызметін реформалауды іске асыру шеңберінде мемлекеттік бақылау мен қадағалау мәселелері бойынша заңнаманың міндетті талаптары бұзушылықтарының жүйелі профилактикасын дамыту.
📊 2026 жылдың қаңтар-тамыз айлары аралығында мемлекеттік қадағалау органдары тарапынан жалпы барлығы 5 060 тексеру тіркеліп, оның ішінде жеке кәсіпкерлік субъектілеріне 2 609 тексеру тағайындау туралы актілері тіркелген.
Жеке кәсіпкерлік субъектілеріне қатысты тексерулердің:
▫️ 381 – микрокәсіпкерлік субъектілеріне;
▫️ 1 910 – шағын кәсіпкерлік субъектілеріне;
▫️ 204 – орта кәсіпкерлік субъектісіне;
▫️ 114 – ірі кәсіпкерлік субъектілеріне қатысты.
Кездесу барысында мемлекеттік бақылау-қадағалау органдарының (мемлекеттік кірістер департаменті, Жамбыл облысының санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті, Жамбыл облысы бойынша төтенше жағдайлар департаменті, Жамбыл облысы бойынша сауда және тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаменті ж.т.б.) жыл басынан бері атқарған жұмысының есебі тыңдалып, сондай-ақ кәсіпкерлер тарапынан қойылған сұрақтарға мемлекеттік қадағалау органдары тарапынан жауап берілді.
Кеңес қорытындысы бойынша хаттама толтырылып, ол кәсіпкерлерге облыстық кәсіпкерлік палатасы арқылы жеткізілетін болады.









