СҚО полицейлері «шулы» бес жүргізушіні жауапкершілікке тартты

    СҚО полицейлері «шулы» бес жүргізушіні жауапкершілікке тартты

    «Мотоцикл» жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында Солтүстік Қазақстан облысының полицейлері екі дөңгелекті көліктердің қатысуымен болатын жол-көлік оқиғаларының алдын алу бойынша жұмысты күшейтті.

    Бір кешкі рейд барысында тәртіп сақшылары көлік құралдарын заңсыз қайта жабдықтаудың бес дерегін анықтады. Барлық жағдайда көлік иелері тиісті рұқсатсыз «тікелей ағынды» деп аталатын, яғни шығатын газдарға барынша аз қарсылық көрсететін және дыбысты қатты шығаратын газ шығару жүйесін орнатқан.

    Мәселен, Петропавл қаласында Набережная және Я. Гашек көшелерінің қиылысында учаскелік полиция инспекторының көмекшісі осындай қайта жабдықталған «Honda» автокөлігін басқарған 2004 жылы 2 ақпанда туған Денис Смирновты тоқтатты. Полицейлер түнгі уақытта қалалық көшелерде «тікелей ағынды» газ шығару жүйесімен жүру тыныштықты бұзу ретінде де қарастырылуы мүмкін екенін еске салады.

    Көлік құралдарын қайта жабдықтау үшін тиісті рұқсат қажет. Көлік конструкциясына өз бетінше енгізілген өзгерістер шу арқылы айналадағыларға қолайсыздық туғызып қана қоймай, көліктің бұзылуына, соның салдарынан жол-көлік оқиғасына әкелуі мүмкін.

    «Мотоцикл» іс-шарасы 22-25 қыркүйек аралығында өтуде. Іс-шара басталғалы облыс бойынша 197 түрлі әкімшілік құқық бұзушылық анықталды. Оның ішінде мотоциклді мотошлемсіз басқарудың 28 дерегі бар.

    Сегіз айда СҚО-да мотоцикл жүргізушілерінің қатысуымен жол-көлік оқиғалары тіркелген жоқ. Жол қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған іс-шаралар тұрақты түрде жүргізіледі.

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Солтүстік Қазақстан облысының Полиция департаменті" жаңалықтары