Туризм: жаңа маусымға жаңа міндеттер

    Туризм: жаңа маусымға жаңа міндеттер

    Қарағанды облысы Кәсіпкерлер палатасының Туризм кеңесінің отырысында туристік маусымның қорытындысы шығарылып, саланы одан әрі дамыту мәселелері талқыланды.

    - Биыл Қарағанды өңіріне 400 мыңнан астам турист келді. Оның 200 мыңнан астамы курорттық аймақта демалды.
    - Өңірде 14 жаңа туристік нысан ашылды.
    - 30 жобаға 1 млрд теңге көлемінде мемлекеттік қолдау көрсетілді.
    - Balkhash Tour Fest фестиваліне шамамен 75 мың қонақ жиналды.

    Кәсіпкерлер инфрақұрылым, сумен жабдықтау, электр желілері, көлік қатынасы және туристік нысандардың навигациясы мәселелерін көтерді. Сондай-ақ «Қысқы Балқаш» жобасы, интерактивті туристік карталар, халықаралық регаталар және жаңа іс-шара алаңдарын құру ұсынылды.

    Кездесуде BusinessGO цифрлық экожүйесі мен шетелдік туристерге ҚҚС қайтаруға мүмкіндік беретін Tax Free жүйесі де таныстырылды.

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Қарағанды облысының туризм басқармасы" жаңалықтары