
Ақсу қаласының төтенше жағдайлар бөлімі қызметкерлері №20 бөбекжайда тәрбиеленушілер арасында қауіпсіздік тақырыбында танымдық викторина өткізді.
Іс-шара барысында ОЧС қызметкерлері балаларға өрт қауіпсіздігінің негізгі талаптарын, өрт және басқа да төтенше жағдайлар туындаған кездегі іс-қимыл тәртібін, сондай-ақ тұрмыстағы қауіпсіздік ережелерін ойын түрінде түсіндірді.
Балалар викторина мен түрлі сайыстарға белсенді қатысып, қойылған сұрақтарға жауап беріп, өз білімдері мен тапқырлықтарын көрсетті. Сонымен қатар «101» нөміріне қоңырау шалу тәртібі және өрт анықталған кездегі дұрыс әрекеттерге ерекше назар аударылды.
Мұндай іс-шаралар балалардың қауіпсіздік мәдениетін ерте жастан қалыптастыруға, қажетті білім мен дағдыларды ойын арқылы бекітуге мүмкіндік береді.
Ақсу қаласының ТЖ бөлімі қызметкерлері жас ұрпақ арасында профилактикалық жұмыстарды жалғастырып, балаларға қауіпсіз мінез-құлық ережелерін түсіндіруде.









