
Департамент басшысы Уздембаева Г.К. бақылау және қадағалау органдарының Бірыңғай есеп беру күніне қатысты.
Іс-шараның басты мақсаты — жұмыс қорытындыларын шығару, ашық ведомствоаралық диалог және мемлекеттік міндеттерді іске асырудағы ашықтықты қамтамасыз ету.
Бірыңғай есеп беру күні «Атамекен» кәсіпкерлер палатасында өткізіліп, онда бизнес-қоғамдастықпен кездесу ұйымдастырылды. Прокуратура, құқықтық статистика және арнайы есепке алу департаменті, сондай-ақ басқа да мемлекеттік бақылау және қадағалау органдарының өкілдері жеке кәсіпкерлікті тексеру қорытындылары туралы есептерімен сөз сөйледі.
Кеңес барысында салық салуға, баға саясатына және басқа да мәселелерге қатысты сұрақтар қойылып, оларға тиісті түсіндірмелер берілді.
Бірыңғай есеп беру күніне қатысу ашықтыққа, жүйелі есептілікке және азаматтардың өмір сүру сапасын жақсарту үшін маңызды міндеттерді бірлесіп шешуге дайын екендігін көрсетеді.









