🏆 ЕСКЕЛДІ АУЫЛДЫҚ ОКРУГІНІҢ ҰСТАЗЫ «ҮЗДІК СЫНЫП ЖЕТЕКШІ – 2026» БАЙҚАУЫНДА ІІ ОРЫН ИЕЛЕНДІ! 🌷

    ·Жаңалықтар мұрағаты
    🏆 ЕСКЕЛДІ АУЫЛДЫҚ ОКРУГІНІҢ ҰСТАЗЫ «ҮЗДІК СЫНЫП ЖЕТЕКШІ – 2026» БАЙҚАУЫНДА ІІ ОРЫН ИЕЛЕНДІ! 🌷

    Р. Қошқарбаев атындағы орта мектебінің 8 «Б» сынып жетекшісі Аслан-оглы Гульханум Мамедевнаны «Үздік сынып жетекші – 2026» аудандық байқауында жүлделі ІІ орын иеленуімен шын жүректен құттықтаймыз! 🎉👏

    Бұл жетістік – ұстаздың кәсіби шеберлігі мен шығармашылық ізденісінің, шәкірт тәрбиесіне деген жауапкершілігі мен тынымсыз еңбегінің нәтижесі.

    Сынып жетекшісі – балаға бағыт-бағдар беріп, ата-ана мен мектеп арасындағы алтын көпір бола білетін ерекше маман. Гульханум Мамедевнаның еңбегі мен ізденісі, шәкірттеріне деген жанашырлығы осындай жетістіктен көрініс тауып отыр.

    Ұстазымызға шығармашылық шабыт, жаңа жеңістер және шәкірттерінің жетістіктеріне қуана беруді тілейміз! ✨

    Жеңісіңіз құтты болсын! Еңбегіңіз жемісті, абыройыңыз асқақ болсын! 💐

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "" жаңалықтары