
Өскеменде түнгі уақытта фейерверк атқан құқықбұзушы анықталды
Түнгі сағат 12 шамасында «102» арнасына «Қазақстан» тауы маңындағы автотұрақта тыныштықтың бұзылғаны туралы хабарлама келіп түскен. Белгісіз адамдар түнгі уақытта фейерверк атқан.
Оқиға Жедел басқару орталығының бейнебақылау камералары арқылы тіркелді.
Полиция қызметкерлері оқиғаға қатысы бар азаматты дереу анықтады. Ол Өскемен қаласының 19 жастағы тұрғыны болып шықты. Белгілі болғандай, ол фейерверкті қыздың туған күнін атап өту кезінде қолданған.
Жас жігітке ҚР ӘҚБтК-нің 437-бабы бойынша тыныштықты бұзғаны үшін, сондай-ақ 436-бабы бойынша елді мекендерде пиротехникалық бұйымдарды пайдаланғаны үшін әкімшілік хаттамалар толтырылды.
Мұндай құқық бұзушылықтар үшін әкімшілік жауапкершілік көзделген. «Заң мен тәртіп» қағидаты баршаға ортақ.
ШҚО ПД баспасөз қызметі









