
Бүгін Созақ аудандық мәслихатының кезекті қырық үшінші сессиясы өтті. Сессия жұмысына аудандық мәслихат депутаттары, аудан әкімінің орынбасары, ауыл, кент округ әкімдері, бөлім мекеме басшылары және аудандық аумақтық сайлау комиссиясының өкілдері қатысты.
Сессия жұмысын аудандық мәслихат төрағасы Жәмиев Ордабек Мырзабекұлы жүргізді. Күн тәртібінде 9 мәселе қаралды. Атап айтқанда:
1. Аудан әкімінің атқарған жұмыстары мен алда тұрған міндеттері туралы есебі.
2. Созақ аудандық білім бөлімінің атқарған жұмыстары мен алда тұрған міндеттері туралы есебі.
3. Сызған ауылдық округі әкімінің есебі.
4. Созақ аудандық мәслихатының 2025 жылғы 23 желтоқсандағы «2026-2028 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы» №232 шешіміне өзгерістер енгізу туралы.
5. Созақ аудандық мәслихатының 2023 жылғы 27 желтоқсандағы «Учаскелік сайлау комиссияларының мүшелерін сайлау туралы» №82 шешіміне өзгерістер енгізу туралы.
6. Созақ аудандық мәслихатының 2023 жылғы 17 қаңтардағы «Округтік сайлау комиссияларының мүшелерін сайлау туралы» 163 шешіміне өзгерістер енгізу туралы
7. Созақ аудандық мәслихатының 2023 жылғы 22 қыркүйектегі «Созақ ауданы әкімдігі жанындағы құқық бұзушылық профилактикасы жөніндегі ведомствоаралық комиссия құрамын бекіту туралы» №50 шешіміне өзгерістер енгізу туралы.
8. Созақ аудандық мәслихатының 2023 жылғы 7 қарашадағы «Созақ ауданы әкімдігі жанынан терроризмге қарсы комиссия құрамын бекіту туралы» №61 шешіміне өзгерістер енгізу туралы.
9. Созақ аудандық мәслихатының кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы.
Күн тәртібінде қаралған мәселелер бойынша аудандық мәслихат депуттары тарапынан сауалдар жолданып, бірқатар ұсыныс-пікірлер айтылды.
Жалпы, сессия жұмысында қаралған мәселелер бойынша мәслихат депутаттары тиісті шешімдер қабылдады.







