
Созақ аудандық мәслихатының
2023 жылғы 27 желтоқсандағы
«Учаскелік сайлау комиссияларының
мүшелерін сайлау туралы» №82 шешіміне
өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық Заңының 10 бабына және Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6 бабына сәйкес, Созақ аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ
- Созақ аудандық мәслихатының 2023 жылғы 27 желтоқсандағы «Учаскелік сайлау комиссияларының мүшелерін сайлау туралы» №82 шешіміне өзгерістер енгізіліп, ұсынылып отырған құрамы қосымшаға сәйкес сайлансын. (қосымша жалғасады).
- Осы шешім бұқаралық ақпарат құралдарына жариялансын.
Аудандық мәслихат төрағасы О.Жәмиев
Созақ аудандық мәслихатының
2026 жылғы 23 қыркүйектегі
№280 шешіміне қосымша
Созақ аудандық мәслихатының
2023 жылғы 27 желтоқсандағы
№82 шешіміне қосымша
Учаскелік сайлау комиссиясының құрамы:
№694 сайлау учаскесі бойынша
Орналасқан жері: Түркістан облысы, Созақ ауданы, Шолаққорған ауылдық округі, Шолаққорған ауылы, Жібек жолы-1 көшесі №5, Созақ ауданы әкімдігінің мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің «Мыңжылқы» мәдениет сарайы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнының ғимараты.
Тәңірбергенұлы Нұржан – Созақ аудандық білім бөлімінің медициналық кабинет меңгерушісі,«Ақ жол» партиясы Созақ аудандық филиалының өкілі;
№701 сайлау учаскесі бойынша
Орналасқан жері: Түркістан облысы, Созақ ауданы, Сызған ауылдық округі, Қозмолдақ ауылы, Т.Момбеков көшесі №21, Түркістан облысының білім басқармасының Созақ ауданының білім бөлімінің «Ғ.Мұратбаев атындағы жалпы білім беретін мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимараты.
Даужан Ержан Ергешбайұлы- Ғ.Мұратбаев атындағы жалпы білім беретін мектебінің мұғалімі, «Созақ жастары» қоғамдық бірлестігінің өкілі.
№702 сайлау учаскесі бойынша
Орналасқан жері: Түркістан облысы, Созақ ауданы, Сызған ауылдық округі, Сызған ауылы, Мектеп көшесі №9А, Түркістан облысының білім басқармасының Созақ ауданының білім бөлімінің «Қ.Рүстемов атындағы жалпы білім беретін мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимараты.
Атаханова Айгүл Айтбекқызы – Жұмыссыз, «Ауыл» партиясы Созақ аудандық филиалының өкілі;







