Өскеменде Ауладағы спорт клубтары лигасының финалдық кезеңі өтеді

    Өскеменде Ауладағы спорт клубтары лигасының финалдық кезеңі өтеді

    24–27 қыркүйек аралығында Өскемен қаласында мектеп оқушылары арасында Ауладағы спорт клубтары лигасының облыстық финалдық кезеңі өтеді. Шағын-футбол және үстел теннисі бойынша өтетін жарыстарға Шығыс Қазақстан облысының қалалары мен аудандарынан 663 оқушы қатысады.

    Финал Шығыс Қазақстан облысының прокуратурасының бастамасымен Шығыс Қазақстан облысының 2026–2027 жылдарға арналған жастар саясаты стратегиясын іске асыру аясында ұйымдастырылуда. Жобаның негізгі мақсаты – «Заң және тәртіп» идеологиясын ілгерілету, кәмелетке толмағандардың бос уақытын тиімді ұйымдастыру, салауатты өмір салтын насихаттау және заңға бағынушылық мінез-құлықты қалыптастыру.

    Мектеп оқушыларының жазғы демалысы кезінде өткен жарыстардың алғашқы кезеңі 4,5 мыңнан астам баланы қамтыды. Оның ішінде шағын футболдан 3 261 оқушы, үстел теннисінен 1 357 бала бақ сынады.

    Қатысушылар 5–6, 7–8 және 9–10 сыныптар арасында үш жас санаты бойынша сынға түсті. Іріктеу кезеңдерінің қорытындысы бойынша облыстың қалалары мен аудандарынан үздік командалар мен спортшылар финалға жолдама алды.

    Финалдық жарыстарға шағын футболдан 468 оқушы және үстел теннисінен 195 оқушы қатысады.

    Финалдық ойындар Ауладағы спорт клубтары лигасының жеңімпаздарын анықтап, мектеп оқушылары арасындағы жазғы спорттық науқанның қорытынды кезеңі болмақ. Жоба балалардың белсенді әрі мазмұнды бос уақытын ұйымдастыруға, командалық рухты дамытуға, спортты кеңінен насихаттауға және салауатты әрі заңға бағынатын өмір салты құндылықтарын қалыптастыруға бағытталған.

    Өтетін орны мен уақыты

    25 қыркүйек

    Үстел теннисі: ШҚО үстел теннисінен БЖСМ,Қ. Сәтбаев даңғылы, 82/8.

    Ашылу салтанаты және жарыстың басталуы -10:00.

    Мини-футбол: «Восток» стадионы, Өскемен қаласы.

    Ашылу салтанаты және жарыстың басталуы - 14:00.

    26 қыркүйек

    Мини-футбол: «Восток» стадионы, Өскемен қаласы.

    Финалдық ойындар және марапаттау рәсімі - 15:00.

    Өскемен қаласының және Шығыс Қазақстан облысының тұрғындарын жас спортшыларға қолдау көрсетіп, финалдық жарыстардың көрермені болуға шақырамыз!

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі" жаңалықтары