
Отбасы күніне орай Мырзатай ауылындағы мәдениет үйінде «Берік отбасы – қауіпсіз қоғам кепілі» тақырыбында аудандық форум өтті. Іс-шараның негізгі мақсаты – отбасы құндылықтарын дәріптеу, ата-ана жауапкершілігін арттыру, отбасындағы өзара сыйластық пен түсіністіктің маңызын насихаттау. Жиында М.Х. Дулати атындағы Тараз университеті Әлеуметтік психология кафедрасының аға оқытушысы, психология магистрі Сайлыбаева Құралай Әбдімәлікқызы, «Елу жылда Ел жаңа» қоғамдық бірлестігінің төрайымы Сүйімқұл Шарапат Батырбекқызы, Байзақ аудандық аналар кеңесінің төрайымы, «Нұрбата-Ардагер» қоғамдық бірлестігінің төрайымы Қапарова Шырын Мамашайқызы, Байзақ аудандық Отбасын қолдау орталығының психологы Бейбітова Жаңылсын Маратқызы және Жамбыл орта мектебінің психологы Әбдіжәділова Динара Маратқызы сөз сөйлеп, отбасы тәрбиесі мен берік шаңырақтың қоғамдағы маңызына тоқталды. Қатысушыларға отбасы құндылықтарын жан-жақты түсінуге мүмкіндік беретін «Отбасы – бақыт мекені!» атты интерактивті квиз ойыны ұйымдастырылды. Танымдық ойын барысында қатысушылар отбасы, салт-дәстүр, тәрбие және өзара қарым-қатынасқа қатысты сұрақтарға жауап беріп, белсенділік танытты. Сондай-ақ мәдениет үйінің өнерпазы ән орындап, форумның мазмұнын әсем әуенмен толықтырды. Берекелі отбасы – мейірімді ұрпақтың, ал мейірімді ұрпақ – қауіпсіз әрі тұрақты қоғамның негізі. орысшаға аударшы









