
Облыста тұрғын үй секторындағы өрттердің алдын алуға бағытталған профилактикалық іс-шаралар өткізілді.
Іс-шараларға ТЖД және полиция қызметкерлері, жергілікті атқарушы органдардың өкілдері, «GOLDPRICE-07» волонтерлері, «QazaqGaz Aimaq» өкілдері және бұқаралық ақпарат құралдары қатысты.
Әлеуметтік осал санаттағы азаматтар мен көпбалалы отбасыларға ерекше назар аударылды. Тұрғындарға пештер мен жылыту құрылғыларын қауіпсіз пайдалану, электр жабдықтарын дұрыс қолдану, сондай-ақ балаларды қараусыз қалдырмау талаптары түсіндірілді.
Мамандар тұрғын үйлердің өрт қауіпсіздігі жағдайын тексеріп, өрт хабарлағыштарын орнатты.
Профилактикалық іс-шаралар жылыту кезеңі бойы жалғасады.








