Күзгі әскерге шақыру науқанын ұйымдастыру мәселелері талқыланды

    Күзгі әскерге шақыру науқанын ұйымдастыру мәселелері талқыланды

    Ағымдағы жылдың 23 қыркүйегі Жамбыл облысының Қорғаныс істері жөніндегі департаментінде 2026 жылғы көктемгі мерзімді әскери қызметке шақыру қорытындылары және күзгі шақыру науқанын ұйымдастыру мәселелері бойынша нұсқаулық-әдістемелік жиын өтті.

    Жиынға жұмылдыру дайындығы, аумақтық және азаматтық қорғаныс басқармасы басшысының орынбасарыЕрмек Абдуллаев, қала және аудан әкімдерінің орынбасарлары мен қорғаныс істер жөніндегі бөлім басшылары қатысты.

    Жиында көктемгі шақыру науқанының қорытындылары шығарылып, күзгі науқанды ұйымдастыру міндеттері айқындалды. 2026 жылғы көктемгі шақыру бойынша белгіленген жоспар 17 адамға артығымен орындалды.

    Кездесу қорытындысында анықталған кемшіліктер мен ұсыныстар ескеріліп, күзгі шақыру науқанын белгіленген талаптарға сәйкес сапалы өткізу бойынша тиісті тапсырмалар берілді.

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Жамбыл облысы әкімдігінің жұмылдыру дайындығы, аумақтық және азаматтық қорғаныс басқармасы" жаңалықтары