ТҮРКІСТАНҒА ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚАЗАҚ ӘНДЕРІ ФЕСТИВАЛІНІҢ ҚАТЫСУШЫЛАРЫ КЕЛДІ

    ТҮРКІСТАНҒА ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚАЗАҚ ӘНДЕРІ ФЕСТИВАЛІНІҢ ҚАТЫСУШЫЛАРЫ КЕЛДІ
    25-27 қыркүйек күндері Түркістан қаласындағы «Керуен сарай» туристік кешенінде ашық аспан аясында Халықаралық «Voice of Turan – 2026» қазақ әндері фестивалі өтеді. Фестиваль Түркістан облысы әкімідігінің және облыс әкімі Нұралхан Көшеровтің қолдауымен ұйымдастырылады.
    Халықаралық «Voice of Turan» қазақ әндері фестивалі – қазақ музыкасын және қазақстандық авторлардың үздік шығармаларын халықаралық деңгейде насихаттауға, сондай-ақ Түркістанның тарихи-мәдени келбетін әлемге танытуға бағытталған. Биыл фестиваль 7-ші рет ұйымдастырылмақ.
    Биылғы ән додасына 20 елден 20 елдің өнерпаздары қатысады. Қатысушылар Франция, Испания, Италия, Сан-Марино, Тунис, Венесуэла, Индонезия, Ватикан, Беларусь, Болгария, Тыва, Грузия, Армения, Мексика, Қырғызстан, Куба, Гвинея, Қарачай-Черкес Республикасы, Башқұртстан және Бразилия елдерінен келген әншілер қатысады.
    Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі
    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Түлкібас ауданы әкімінің аппараты" жаңалықтары