
Балпық ауылдық округінде мемлекеттік көрсетілетін қызметтер бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүргізілді
Балпық ауылдық округінде тұрғындар арасында мемлекеттік көрсетілетін қызметтер қағидаларын ресми интернет-ресурста жариялау және мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді электрондық форматта алу тәртібі бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
Тұрғындарға электрондық мемлекеттік қызметтерді пайдаланудың тәртібі мен мүмкіндіктері түсіндіріліп, қажетті ақпаратпен ресми сайт арқылы танысу жолдары көрсетілді.









