Армия спортшысы Әсем Орынбай Жапонияда өтіп жатқан XX жазғы Азия ойындарының жүлдегері атанды

    Армия спортшысы Әсем Орынбай Жапонияда өтіп жатқан XX жазғы Азия ойындарының жүлдегері атанды

    Азиада-2026 аясында Айти префектурасы мен Нагоя қаласында стенд атудан әйелдер арасындағы жарыстар аяқталды.

    «Скит» жаттығуында Қазақстан намысын армиялық спортшы сержант Әсем Орынбай, сондай-ақ ұлттық құрама мүшелері Зоя Пискун мен Адель Садақбаева қорғады.

    Іріктеу кезеңінің қорытындысы бойынша Қазақстан құрамасы 274 ұпай жинап, екінші орынға ие болды. Алтын медальді 287 ұпай еншілеген Қытай спортшылары жеңіп алса, 266 ұпай жинаған Үндістан құрамасы қола жүлдеге ие болды.

    Сонымен қатар жеке есептегі «скит» жаттығуында ұлттық құраманың көшбасшысы Әсем Орынбай финалда 28 ұпай жинап, үшінші орынға ие болды. Бұл сында Қытай спортшысы жеңімпаз атанса, Таиланд өкілі күміс медальді иеленді.

    Армия орталық спорт клубының әскери қызметшісі сержант Әсем Орынбайдың бұл жетістігі жоғары шеберлігі, табандылығы мен мақсатқа ұмтылысының нәтижесі.

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі" жаңалықтары