Ауыл шаруашылық техникасын кепілге қалай тіркеуге (қайта тіркеу) тіркеуден шығаруға болады

    ·Жаңалықтар мұрағаты
    Ауыл шаруашылық техникасын кепілге қалай тіркеуге (қайта тіркеу) тіркеуден шығаруға болады

    Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің атауы: "Тракторларды және олардың базасында жасалған өздігінен жүретін шассилер мен механизмдерді, монтаждалған арнайы жабдығы бар тіркемелерді қоса алғанда, олардың тіркемелерін, өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы, мелиорациялық және жол-құрылыс машиналарын, сондай-ақ өтімділігі жоғары арнайы машиналарды мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу), тіркеу есебінен алу және олар үшін тіркеу құжатын (телнұсқасын) және мемлекеттік нөмірлік белгі беру"

    1. Жүйеге кіріңіз немесе eLicense.kz порталындатіркеліңіз .
    2. Қызмет паспортында құжаттар топтамасымен танысып "Қызметке онлайн тапсырыс беру" батырмасын басыңыз немесе қажетті қызметтің кіші түрін таңдап "Әрі қарай" батырмасын басыңыз.
    3. Қажетті мәліметтерді көрсетіп, өтінішті толтырып, ЭЦҚ-мен қол қойыңыз.
    4. Берілген өтініш мәртебесін "Менің өтініштерім" тарауынан қадағалауға болады. Рұқсатты алу туралы " Менің рұқсат құжаттарым " тарауынан, хабарлама алу туралы - " Менің хабарламаларым " тарауынан біле аласыз.​

    Қосымша ақпараттарды Алтынсарин көшесі, 2 мекен-жайында орналасқан «Ақтөбе қаласының ауыл шаруашылығы бөлімі» ММ алу болады. Байланыс телефон 8 (7132) 417035, инстаграмм әлеуметтік желісіндегі парақшасы:aqtobe_auyl_sharuashylygy.

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "" жаңалықтары