
Тіркелген мекенжай бойынша мәліметтерді eGov.kz порталы және eGov Mobile мобильді қосымшасы арқылы онлайн алуға болады.
Қызмет тұрғылықты жер бойынша тіркелгені туралы мәліметтерді электрондық форматта алуға мүмкіндік береді. Мәліметтерді үшінші тұлғаға беру азаматтың келісімі расталғаннан кейін жүзеге асырылады.
Қызметті алу үшін eGov.kz порталында авторизациядан өтіп, «Үшінші тұлғалардың тұрғылықты жерінен мекенжай мәліметтерін алу сервисі» қызметін таңдаңыз, азаматтың ЖСН-ін енгізіп, сұрауға қол қоюдың қолжетімді тәсілдерінің бірі арқылы қол қойыңыз.
Азамат келісімін растағаннан кейін мәліметтер пайдаланушының Жеке кабинетінде қолжетімді болады.
Еске саламыз: 2019 жылғы 1 қарашадан бастап Қазақстанда мекенжай анықтамалары берілмейді. Тұрғылықты жер бойынша тіркелгені туралы мәліметтерді алу қажет болған жағдайда осы сервисті пайдаланыңыз.









