«ҚАУІПСІЗДІК КОДЫ: 102, 111, 150» ПРОФИЛАКТИКАЛЫҚ АКЦИЯСЫ

    «ҚАУІПСІЗДІК КОДЫ: 102, 111, 150» ПРОФИЛАКТИКАЛЫҚ АКЦИЯСЫ

    23–25 қыркүйек 2026 жыл

    Шымкент қаласы

    Шымкент қаласында отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу, азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және тұрғындардың құқықтық сауаттылығын арттыру мақсатында «Қауіпсіздік коды: 102, 111, 150» профилактикалық акциясы өткізілуде.

    Акция барысында полиция қызметкерлері тұрғындармен түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, отбасылық жанжалдардың алдын алуға бағытталған профилактикалық шараларды ұйымдастырады. Сонымен қатар, құқық бұзушылықтың алдын алу, азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау, тұрмыстық зорлық-зомбылыққа жол бермеу жөнінде түсіндіру жұмыстары жүргізіледі.

    Полиция қызметкерлері қиын жағдайға тап болған азаматтарға көмек көрсету тәртібін түсіндіріп, зорлық-зомбылық фактілері бойынша тиісті шаралар қабылдау қажеттігін ескертеді. Сондай-ақ, отбасылық-тұрмыстық қатынастар саласындағы құқық бұзушылықтардың алдын алу және қайталануына жол бермеу бағытында профилактикалық жұмыстар жүргізіледі.

    Зорлық-зомбылыққа тап болсаңыз немесе оның куәсі болсаңыз, үнсіз қалмаңыз. Көмек сұрау – өзіңізді және жақындарыңызды қорғаудың маңызды қадамы.

    📞 102 – полиция

    📞 111 – бірыңғай байланыс орталығы

    📞 150 – ұлттық сенім телефоны

    Әрбір азаматтың қауіпсіздігі – басты құндылық. Зорлық-зомбылықтың алдын алу – полицияның ғана емес, бүкіл қоғамның ортақ міндеті.

    Зорлық-зомбылыққа жол жоқ!

    Қауіпсіздік – баршаға ортақ міндет!

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    ""Шымкент қаласының ішкі саясат басқармасы" КММ" жаңалықтары