2026 жылы Қазақстанда медициналық құжаттар мен көрсетілетін қызметтерді цифрландыру жұмыстары белсенді түрде жалғасуда. Жыл басынан бері электрондық форматта 8 095 396 медициналық анықтама мен еңбекке уақытша жарамсыздық парағы, сондай-ақ психиатрия, наркология және фтизиатрия бағыттарын қоса алғанда, диспансерлік есеп бойынша 5 698 396 анықтама қалыптастырылды. Электрондық медициналық құжаттар медициналық тексеруден өту, дәрігерлік комиссиялардың қорытындыларын алу, еңбекке уақытша жарамсыздықты ресімдеу, мүгедектікті белгілеу рәсімдерінен өту, санаторийлік-курорттық ем алу, балаларға арналған медициналық құжаттарды ресімдеу, жұмысқа орналасу кезінде, сондай-ақ мемлекеттік органдар мен басқа да ақпараттық жүйелерге мәліметтер ұсыну барысында пайдаланылады. №073/е нысанындағы электрондық анықтамалар санының айтарлықтай өскені де атап өтіледі. 2026 жылғы маусымда 36 994 анықтама ресімделсе, шілдеде олардың саны 84 720-ға жетіп, бір ай бұрынғы көрсеткішпен салыстырғанда 129%-ға артты. Тамыз айында ресімделген анықтамалардың саны 147 522-ні құрап, шілде айымен салыстырғанда тағы 74%-ға өсті. №073/е нысанындағы электрондық анықтамалар санының өсуіне, соның ішінде Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің тарапынан 65 жастағы және одан асқан адамдарға, сондай-ақ мүгедектігі бар адамдарға қатысты бақылаудың күшеюі себеп болды. Бұл санаттағы азаматтар медициналық тексеруден екі жылда бір рет өтуі тиіс. Медициналық құжаттарды цифрландыру медициналық қызметтердің қолжетімділігін арттыруға, медицина қызметкерлеріне түсетін әкімшілік жүктемені азайтуға және қағаз құжат айналымын қысқартуға ықпал етеді. Сонымен қатар, электрондық формат азаматтардың, медициналық ұйымдардың және мемлекеттік ақпараттық жүйелердің арасындағы өзара іс-қимылды барынша жедел әрі ашық жүргізуге мүмкіндік береді.
ҚАЗАҚСТАНДА 2026 ЖЫЛЫ 8 МЛН-НАН АСТАМ ЭЛЕКТРОНДЫҚ МЕДИЦИНАЛЫҚ АНЫҚТАМА МЕН ЕҢБЕККЕ УАҚЫТША ЖАРАМСЫЗДЫҚ ПАРАҒЫ ҚАЛЫПТАСТЫРЫЛДЫ
Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу
Ұқсас материалдар

Мешіт имамдарын қызметке тағайындау, қызметінен босату немесе тәртіптік жауапкершілікке тарту қай органның құзыретіне жатады?
Маңғыстау облысының дін істері басқармасыАшу
Астанада KazHackStan 2026 киберқауіпсіздік конференциясы басталды
Қазақстан Республикасының Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігіАшу
Мүлік салығы
Шығыс Қазақстан облысы Шемонаиха ауданы Вавилон ауылдық округі әкімінің аппаратыАшу
Маңғыстау облысының дін істері басқармасықызметіне жиі қойылатын сұрақтар
Маңғыстау облысының дін істері басқармасыАшу
Қазақстан Республикасы азаматтарының шетелге тұрақты тұруға шығуы кезіндегі зейнетақымен қамсыздандырылуы
ЕӘҚК Алматы қаласы бойынша департаментіАшу
"Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі" жаңалықтары

МИНИСТР АУЫР ЖАРАҚАТТАРДЫ ЕМДЕУГЕ АРНАЛҒАН МЕДИЦИНАЛЫҚ БҰЙЫМДАР ӨНДІРІСІН КЕҢЕЙТУДІ ТАПСЫРДЫ
ҚР ДСМАшу
АСТАНАДА «ӨКПЕНІҢ ИНТЕРСТИЦИАЛДЫҚ АУРУЛАРЫ» II ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ФОРУМЫ ӨТТІ
ҚР ДСМАшу
ҚАРАҒАНДЫ ОБЛЫСЫНДА ҚАЙТАРЫЛҒАН АКТИВТЕРДІҢ ЕСЕБІНЕН МЕДИЦИНАЛЫҚ НЫСАНДАР АУҚЫМДЫ ЖАҢҒЫРТЫЛУДА
ҚР ДСМАшу
28 ҚЫРКҮЙЕК – ДҮНИЕЖҮЗІЛІК ҚҰТЫРМАҒА ҚАРСЫ КҮРЕС КҮНІ
ҚР ДСМАшу
ЖЫЛЫНА 3 МИЛЛИОННАН АСТАМ ҚАБЫЛДАУ: ҚАЗАҚСТАНДА КӨЗ АУРУЛАРЫ КЕЗІНДЕ КӨРСЕТІЛЕТІН МЕДИЦИНАЛЫҚ КӨМЕК ҚАЛАЙ ДАМЫП ЖАТЫР
ҚР ДСМАшу