ҚАРАҒАНДЫ ОБЛЫСЫНДА ҚАЙТАРЫЛҒАН АКТИВТЕРДІҢ ЕСЕБІНЕН МЕДИЦИНАЛЫҚ НЫСАНДАР АУҚЫМДЫ ЖАҢҒЫРТЫЛУДА

    ҚАРАҒАНДЫ ОБЛЫСЫНДА ҚАЙТАРЫЛҒАН АКТИВТЕРДІҢ ЕСЕБІНЕН МЕДИЦИНАЛЫҚ НЫСАНДАР АУҚЫМДЫ ЖАҢҒЫРТЫЛУДА



    Қарағанды облысында мемлекетке қайтарылған активтердің арнайы қор қаржыландырылатын медициналық инфрақұрылымды ауқымды жаңғырту жұмыстары жалғасуда.

    Өңірде 7 заманауи операциялық және 15 реанимациялық төсекпен жарақтандырылған облыстық онкодиспансердің жаңа операциялық-реанимациялық блогының құрылысы 93%-ға аяқталды, бұл жылына 7 мыңға дейін күрделі операция жасауға мүмкіндік береді.

    Балқаш қаласында көпбейінді аурухана жаңғыртылып, қала мен оған жақын аудандардың тұрғындарына медициналық қызмет көрсетуге арналған жаңа қабылдау бөлімшесі мен екі операциялық залы бар корпус ашылды. Сонымен қатар өңірдің ауылдық елді мекендерінде 51 фельдшерлік-акушерлік пункт пен медициналық амбулаторияның құрылысы аяқталды.

    Келесі кезеңде Қарағанды қаласында 200 төсекке арналған заманауи перинаталдық орталық салу жоспарлануда. Нысанды 2029 жылы аяқтау көзделіп отыр.

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі" жаңалықтары