Анатомиялық кемістіктердегі медициналық-әлеуметтік сараптама

    Анатомиялық кемістіктердегі медициналық-әлеуметтік сараптама

    Медициналық-әлеуметтік сараптама барысында анатомиялық кемістіктері бар адамдардың ағзасы функцияларының тұрақты бұзылуы, тіршілік-әрекетінің шектелуі және оңалту мүмкіндіктері кешенді түрде бағаланады.

    Қазақстан Республикасының қолданыстағы қағидаларына сәйкес, анатомиялық кемістіктер болған жағдайда адамды медициналық-әлеуметтік сараптамаға жіберу үшін төрт ай күту талабы қолданылмайды. Бұл санаттағы азаматтар қажетті медициналық құжаттары болған кезде МӘС-ке жіберіледі

    Анатомиялық кемістіктерге аяқ-қолдардың ампутациялық культілері, саусақтардың немесе аяқ-қолдардың болмауы, көру және есту мүшелерінің қайтымсыз зақымдануы, сондай-ақ басқа да ағза құрылымдарының тұрақты ақаулары жатады.

    Мүгедектік тобын және еңбек ету қабілетінен айырылу дәрежесін белгілеу кезінде тек анатомиялық ақаудың болуы ғана емес, оның адамның өзіне-өзі қызмет көрсетуіне, қозғалуына, еңбек етуіне және басқа да тіршілік әрекеттеріне әсері ескеріледі.

    Қолданыстағы қағидаларда белгілі бір қайтымсыз анатомиялық кемістіктердің тізбесі көзделген. Осы тізбеге сәйкес кейбір жағдайларда мүгедектік тобы қайта куәландыру мерзімінсіз белгіленеді.

    МӘС қорытындысы медициналық құжаттарды, объективті тексеру нәтижелерін және адамның функционалдық мүмкіндіктерін жан-жақты бағалау негізінде қабылданады.

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитетінің Шымкент қаласы бойынша департаменті" жаңалықтары