дәріс өткізілді

    дәріс өткізілді

    2026 жылғы 16 қыркүйекте «Заң мен тәртіп» идеологиясын іске асыру аясында Зияткерлік меншік құқықтары бөлімінің бас маманы Аслан Нұрғазин Ахмет Байтұрсынұлы атындағы ҚӨУ студенттеріне дәріс өткізді.

    Дәріс барысында Қазақстан Республикасы Конституциясының негізгі жаңашылдықтары, мемлекеттік қызмет негіздері, жауапкершілік қағидаттары, сондай-ақ сыбайлас жемқорлық пен мүдделер қақтығысының алдын алу мәселелері қарастырылды. Зияткерлік меншік пен авторлық құқық мәселелеріне, сондай-ақ тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алуға, құқықтық қорғау шараларына және осындай жағдайлардағы іс-қимыл тәртібіне ерекше назар аударылды.

    Дәріс соңында сындарлы диалог өтті. Студенттер өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, талқыланған тақырыптар бойынша қажетті түсініктемелер алды.

    Мұндай іс-шаралар жастардың құқықтық сауаттылығын арттыру, заңға деген құрметті қалыптастыру, өз құқықтары мен міндеттерін түсіндіру, сондай-ақ құқықтық тәртіп мәселелеріне жауапкершілікпен қарауды қалыптастыру мақсатында өткізіледі.

    Қостанай облысы
    Әділет департаментінін
    Баспасөз қызметі

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Қостанай облысының Әділет департаменті" жаңалықтары