
2026 жылғы 23 қыркүйекте Әділетті Қазақстан құруға бағытталған еліміздегі саяси-экономикалық реформалардың оң нәтижесін көрсету, 24 мектеп оқушылары арасында азаматтық жауапкершілікті, адалдық пен патриотизмді қалыптастыру, сондай-ақ әрбір баланың қоғамның дамуына қосатын жеке үлесін насихаттау мақсатында Департаменттің әкімшілік бөлімі қызметкерлерінің ұйымдастыруымен «Мен – адал азаматпын» тақырыбында челлендж өткізілді. Іс-шараның басты мақсаты – жас ұрпақтың бойына адалдық, жауапкершілік, еңбекқорлық және отансүйгіштік қасиеттерді сіңіру, сонымен қатар әр баланың қоғам өміріне өз үлесін қоса алатынын түсіндіру.
Қостанай облысы
Әділет департаментінін
Баспасөз қызметі









