
2026 жылғы 19 қыркүйекте облыс жамағаты арасында ұлттық ойындардан сайыс форматында фестиваль ұйымдастырылды.
Іс-шараның негізгі мақсаты – ұлттық құндылықтарды жаңғырту, қоғамдық бірегейлікті қалыптастыратын ұлттық ерекшеліктерді дәріптеу, сондай-ақ қатысушылар арасында өзара ынтымақтастық пен ортақ мүддені нығайту.
Фестиваль барысында қатысушылар көкпар, аударыспақ, арқан тартыс және басқа да ұлттық спорт түрлерінен өзара бақ сынасты. Іс-шара көкпар ойынымен басталып, ұлттық ойындардың басқа түрлерімен жалғасты.
Сонымен қатар, қазақтың дәстүрлі баспанасы – киіз үйде ұлттық дастархан жайылып, қатысушыларға қазақ халқының салт-дәстүрлері мен әдет-ғұрыптары туралы ақпарат берілді. Шара барысында ұлттық мәдени мұраны дәріптеу, дәстүрлі құндылықтарды насихаттау және кейінгі ұрпаққа жеткізу мәселелеріне ерекше мән берілді.









