Бейжіңде Жамбыл Жабаевтың 180 жылдығы аталып өтті

    Бейжіңде Жамбыл Жабаевтың 180 жылдығы аталып өтті

    Бейжіңдегі Қазақстанның мәдени орталығында қазақтың ұлы ақыны Жамбыл Жабаевтың туғанына 180 жыл толуына орай «Жамбыл – ғасыр ақыны» атты кеш өтті.

    Іс-шараға Алматы облысы әкімінің бірінші орынбасары Қанат Есболатов, ақынның немересі, Жамбыл Жабаев атындағы әдеби-мемориалдық музейдің директоры Салтанат Жамбылова, қытай жазушысы әрі аудармашы Акбар Мәжит, Қазақстанның Қытайдағы Елшілігінің дипломаттары, сондай-ақ ҚХР-дың шығармашылық, ғылыми және іскерлік топтарының өкілдері қатысты.

    Кеш аясында Жамбыл Жабаевтың өмірі мен шығармашылығына арналған тақырыптық көрме ұйымдастырылды. Көрмеге ақынның кітаптары, фотосуреттері, бейнелеу, сәндік-қолданбалы өнер туындылары және этнографиялық жәдігерлер қойылды.

    Мерекелік кеш «Жамбыл – ғасыр ақыны» концертімен жалғасты. Сахнада Сүйінбай атындағы Алматы облыстық филармониясының өнерпаздары өнер көрсетті.

    ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігі" жаңалықтары