Атырауда қарсы жолаққа шыққан жүргізуші дрон арқылы анықталды

    Атырау облысында жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету бағытында заманауи технологиялар тиімді қолданылуда. Соның бірі – жол қозғалысына әуеден бақылау жүргізуге мүмкіндік беретін дрондар.
    Мәселен, 15 қыркүйек күні сағат 17:10 шамасында Доссор–Құлсары тасжолының 107-шақырымында «Hyundai Elantra» маркалы автокөліктің жүргізушісі жол белгісінің талабын бұзып, тұтас ақ сызықты кесіп өтіп, өзімен бір бағытта келе жатқан жүк көлігін басып озған. 1988 ж.т жүргізуші ҚР ӘҚБтК-нің 596-бабына сәйкес әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
    ⚠️ Айта кетейік, жыл басынан бері дрондардың көмегімен жол қозғалысы ережелерін бұзудың 340-қа жуық дерегі анықталды.
    🚁 Жолдағы тәртіп – әуеден де бақылауда. Қауіпсіздікке қауіп төндіретін әрекеттер назардан тыс қалмайды.
    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Атырау облысының Полиция департаменті" жаңалықтары