ЕҢБЕК КҮНІ

    ЕҢБЕК КҮНІ

    Қазақстанда жыл сайын қыркүйектің соңғы жексенбісінде Еңбек күні аталып өтеді. Бұл күн адал еңбектің, кәсіби шеберліктің маңызын атап, түрлі салада еңбек етіп жүрген азаматтардың ел дамуына қосқан үлесін бағалауға арналған.

    Мемлекет басшысы жариялаған 2025 жылғы Жұмысшы мамандықтар жылы бұл бағыттағы жұмыстарға жаңа серпін берді. Сол жылы жұмысшы мамандықтардың беделін арттыруға, еңбек құндылықтарын дәріптеуге, кәсіби дағдыларды дамытуға және еңбек адамдарының жетістіктерін мойындауға ерекше көңіл бөлінді.

    2026 жылы да еңбек адамының мәртебесін арттыруға бағытталған жұмыс жалғасып келеді.

    Еліміздің әр жетістігінің артында күн сайын адал еңбек етіп жүрген миллиондаған адамның еңбегі бар. Өз ісіне адал әрі жауапкершілікпен қарап, Қазақстанның бүгіні мен болашағына үлес қосып жүрген әр азаматқа алғыс білдіреміз.

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитетінің Шымкент қаласы бойынша департаменті" жаңалықтары