"Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы аудан әкімдігінің кәсіпкерлік бөлімі" КММ·Жаңалықтар мұрағаты

2026 жылғы 17 қыркүйекте кәсіпкерлік бөлімінің басшысы аудан әкімі Р.Ә. Аңбаевтың төрағалығымен өткен «Заң және тәртіп» конституциялық қағидатын іске асыру жөніндегі аудан әкімдігі жанындағы ведомствоаралық комиссияның отырысына қатысты. Отырыс барысында алкоголь және темекі өнімдерінің айналымы саласындағы құқық бұзушылықтардың алдын алу, елді мекендерді абаттандыру, сондай-ақ интернет-алаяқтық пен есірткі қылмыстарының алдын алу мәселелері қаралды. Отырыс қорытындысы бойынша тиісті ұсынымдар беріліп, тапсырмалар жүктелді.








