Жетісу облысында ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүргізілді

    Жетісу облысында ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүргізілді

    14–18 қыркүйек аралығында Жетісу облысы Дін істері басқармасының мемлекеттік әлеуметтік тапсырысы аясында «Тәлімгер» жастар қоғамдық бірлестігі мен облыстық ақпараттық-түсіндіру тобы (АТТ) мүшелерінің ұйымдастыруымен түрлі мақсатты топтар арасында ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

    Кездесулердің негізгі мақсаты – халықтың діни сауаттылығын арттыру, зайырлылық қағидаттары мен дін саласындағы қолданыстағы заңнама талаптарын түсіндіру, ұлттық мәдениет пен салт-дәстүрді дәріптеу, білім мен ғылымның маңызын насихаттау, сондай-ақ теріс діни ағымдар мен экстремизмнің алдын алу.

    Іс-шаралар барысында қатысушыларға дін саласындағы өзекті мәселелер бойынша ақпарат беріліп, дәстүрлі құндылықтарды сақтау, зайырлы қоғам қағидаттарын құрметтеу және жастардың діни сауаттылығын арттыру мәселелеріне ерекше назар аударылды.

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Жетісу облысы дін істері басқармасы" жаңалықтары