
🏥 eGov Mobile мобильді қосымшасында шұғыл ауруханаға жатқызылған жағдайда хабарлау үшін сенімді байланыс тұлғаларын тіркеудің жаңа сервисі іске қосылды.
Сервис арқылы алдын ала 3 сенімді байланыс тұлғасына дейін көрсетуге болады. Егер шұғыл жағдайда пайдаланушы ауруханаға жатқызылып, жақындарымен өздігінен байланыса алмаса, оларға SMS-хабарлама жіберіледі.
📲 Сенімді байланыс тұлғасы кәмелетке толған және Мобильді азаматтар базасында тіркелген болуы тиіс. Оны тіркеу үшін ЖСН-ын көрсету жеткілікті. Осыдан кейін көрсетілген адамға 1414 нөмірінен SMS келеді және ол сұрауды растай немесе одан бас тарта алады.
Қызмет «Қызметтер» - «Денсаулық сақтау» бөлімдерінде тегін қолжетімді.
📌 Сенімді байланыс тұлғасын тіркеу бойынша қадамдық нұсқаулықты карусельден көріңіз.









