Қоса атқару мен қоса жұмыс істеу

    Қоса атқару мен қоса жұмыс істеу — бір нәрсе ме?

    Жоқ. Бұл — қосымша жұмысты орындаудың екі түрлі нысаны.

    Қоса атқару — жұмыскер негізгі жұмысынан босатылмай, өзінің жұмыс уақыты ішінде қосымша жұмысты орындайды. Ол үшін қосымша ақы төленеді. Қоса атқару жеке еңбек шартын жасасуды талап етпейді.

    Қоса жұмыс істеу — жұмыскер негізгі жұмысынан бос уақытында басқа тұрақты ақы төленетін жұмысты жеке еңбек шарты бойынша орындайды. Ол сол немесе басқа жұмыс берушіде жүзеге асырылуы мүмкін.

    Негізгі айырмашылығы

    Жұмыс уақытында + қосымша жұмыс = қоса атқару.

    Бос уақытта + жеке еңбек шарты = қоса жұмыс істеу.

    Сондықтан бұл екі ұғымды шатастырмау маңызды: олардың ресімделуі, ақы төлеу және еңбек кепілдіктері әртүрлі.

    Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз

    Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.

    Ұқсас материалдар

    "Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитетінің Жетісу облысы бойынша департаменті" жаңалықтары