Петропавлда Qyzyljar Eco Park экологиялық фестивалі өтті

    Петропавлда Qyzyljar Eco Park экологиялық фестивалі өтті

    19 қыркүйекте Петропавл қаласында экологиялық бастамаларды, шығармашылықты және қоршаған ортаға саналы көзқарас идеяларын біріктірген Qyzyljar Eco Park экологиялық фестивалі өтті.

    Фестивальдің негізгі бағыттарының бірі практикалық шеберлік сабақтары болды. Қатысушылар күнделікті қолданыстағы заттарға екінші өмір сыйлап, қажетсіз материалдардан пайдалы әрі ерекше бұйымдар жасаудың жолдарын үйренді.

    Эко-белсенді Әсел Шәкімова «Футболкадан тор сөмке» атты шеберлік сабағын өткізіп, қатысушылар ескі киімдерден көп рет қолданылатын сөмкелер жасады.

    Дизайнер Татьяна Кондрашова пластик пен джинсы матасын қайта пайдалану мүмкіндіктерін көрсетті. Анастасия Селезнёва желім мен жіпті қолданбай, қажетсіз киімдерден иттерге арналған ойыншықтар жасауды үйретті.

    Сондай-ақ фестиваль аясында Анна Зирюкина шыныдан фьюзинг техникасымен әшекей бұйымдар жасау, Раиса Согомонян гипстен түрлі бұйымдар әзірлеу, ал Евгений Осипов қайың қабығына сурет салу бойынша шеберлік сабақтарын өткізді.

    Qyzyljar Eco Park экологиялық идеяларды іс жүзінде жүзеге асыратын алаңға айналды. Фестиваль қалдықтарды азайту, заттарды қайта пайдалану және жауапты тұтыну мәселелеріне назар аударып, табиғатқа қамқорлық жасаудың қызықты, пайдалы әрі шығармашылық үдеріс екенін көрсетті.

    Фестивальдің өткізілуі өңір тұрғындары арасында экологиялық мәдениетті қалыптастыруға және табиғатқа ұқыпты қарауды насихаттауға бағытталған тағы бір маңызды қадам болды.

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасы" жаңалықтары