Жобаны іске асыру шеңберінде Ақмола облысы Целиноград ауданы Қажымұқан ауылында 600 орындық жалпы білім беретін мектеп салуға арналған жобалық-сметалық құжаттама әзірленді. Жоба бойынша 2026 жылғы 9 қыркүйектегі № 12-1145/26 кешенді ведомстводан тыс сараптаманың оң қорытындысы алынды.
Жобаның негізгі техникалық-экономикалық көрсеткіштері:
Жобалық қуаты - 600 оқушы орны;
Ғимараттың қабат саны - 3 қабат;
Ғимараттың жалпы ауданы - 8 329,57 м²;
Сметалық құны -7 161,348 млн теңге;
Құрылыс-монтаждау жұмыстарының басталуы -2027 жыл;
Құрылыс ұзақтығы - 18 ай.
Жобаны іске асыру балалардың білім алуы үшін заманауи әрі қолайлы жағдайлар жасауға, әлеуметтік инфрақұрылымды дамытуға және Қажымұқан ауылы тұрғындарының жалпы білім беретін мектептегі орындарға деген қажеттілігін қамтамасыз етуге бағытталған.







