
2026 жылғы 14 қыркүйекте Павлодар облысының Әділет департаменті Павлодар облысы жеке сот орындаушыларының өңірлік палатасы өкілдерінің, мемлекеттік және жеке сот орындаушыларының қатысуымен атқарушылық іс жүргізу саласындағы заңнамаға енгізілген өзгерістерді қолдану мәселелері бойынша кеңес өткізді.
Кеңес барысында сот орындаушыларының назарына заңнамадағы негізгі өзгерістер жеткізілді.
Кеңес қорытындысы бойынша заңнама нормаларын бірыңғай қолдануды қамтамасыз етуге бағытталған тиісті тапсырмалар берілді.









