Екібастұз қаласының ауданаралық мәжбүрлеп орындату аумақтық бөлімінің мемлекеттік сот орындаушысы Жылқайдар Азамат Ерболұлы қалалық статистика басқармасының ұжымымен кездесу өткізді.
Кездесу барысында алимент өндіру және мемлекет кірісіне берешекті өндіріп алу туралы сот актілерін орындау мәселелері түсіндірілді.
Атап айтқанда, жалақыдан алимент ұстау тәртібі, сот актілерін орындамағаны үшін көзделген құқықтық салдарлар, борышкерлерге қолданылатын шектеу шаралары және цифрлық сервистер арқылы атқарушылық іс жүргізу туралы ақпарат алу мүмкіндіктері сөз болды.
Кездесу соңында мемлекеттік сот орындаушысы қатысушылардың сұрақтарына жауап берді.
Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз
Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.








